Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Ислам Кәрімовтың бұрын-соңды көрінбеген суреттері пайда болды (фото, видео)

Әлеуметтік желіде 2016 жылы 2 қыркүйекте қайтыс болған Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтың бұрын байқалмаған сирек фотолары пайда болды.

11

Суреттер Фейсбук желісіндегі Tashkent Retrospective парақшасында жарияланған.

1952-1953 жылдар. Ислам Кәрімов. Самарқан қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №21 орта мектептің 8 сынып оқушысы.

222

Ислам Кәрімовтың түлектер альбомындағы суреттері. Суретте – бірінші қатарда оң жаңта бірінші болып тұр.

333

Ташкент, 1960 жыл. Орталықазия политехникалық институтын (Қазіргі Ташкент мемлекеттік техникалық университеті) тәмамдаған соң.

444

Өзбек ССР-ы. Самарқан облысы. Ислам Кәрімов (сол жақта екінші). 1954-1955 жылдары сыныптастарымен бірге мақта теру жиынында.

5555

Өзбек ССР-ы. Самарқан облысы. 1954-1955 жылдар. Президенттің жастық кезі.

14238217_565717560282195_7560646694463022020_n

1993 жыл. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов, Қырғызстан президенті Асқар Ақаев және Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Шамиль Джуматов / Reuters.

14242431_565735503613734_6865005292958662294_o

1997 жыл. Қараша айы. Самарқан. АҚШ-тың бірінші ханымы Хиллари Клинтонның Самарқанға ресми сапары. Татьяна Кәрімова, Ислам Кәрімов және Хиллари Клинтон.

14264959_565759670277984_2928371922092505767_n

2003 жыл, 27 қаңтар. Испания, Мадрид. Испания премьер-министрі Хосе Мария Аснар Өзбек басшысының әйелі Татьяна Акбаровнаны қарсы алып жатыр.

f49a90d9a23b4cef99ea230b66d5cbb4

Ислам Кәрімовке Түркия премьер-министрі Месут Йылмаз алтын тапанша сыйлаған. 1998 жыл, 13 сәуір.

6666

1999 жыл, 11 желтоқсан. Ресей премьер-министрі Владимир Путин және Ислам Кәрімов.

f0ddc7552b2ad55c40a44d9657813950

2001 жыл, 6 қаңтар. Ислам Кәрімов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Шымбұлақ тау-шаңғы кешенінде.

Сондай-ақ, аталмыш парақшада Ислам Кәрімовтың 1990 жылы Кремль сарайында сөйлеген сөзінің бейненұсқасы да берілген.

Талқылау