Желіде «Гражданка киіп алайын, еркекше сөйлесеміз» деген полицей туралы видео тарады (видео)
Желіде «Гражданка киіп алайын, еркекше сөйлесеміз» деген полицей туралы видео тарады.

Видео Инстаграмдағы ztb_video тобында жарияланды.
Видеода полицейдің бір жігітпен жанжалдасып тұрғаны байқалады.
«Нөміріңді берші маған. Төмен түсші. Мен гражданка киіп алайын. Еркекше сөйлесеміз екеуміз», – дейді полиция қызметкері.
Оқиғаның Алматыда болғанын видеодағы көліктердің нөмірінен білуге болады.
Алматы ІІД баспасөз қызметі видеоға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Талқылау