Желіде анасының көз жұмғанын айтып ақша сұрайтын алаяқтар пайда болған
Желі қолданушылары ғаламторда алаяқтардың түрлі хабарлама жіберіп ақша табатынын айтып жатыр.
«Бүгін менің ең мейірімді, ең жақын адамым, сүйікті анам өмірден өтті. Жатқан жерің жайлы болсын! Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің! Қоштасу рәсімі бейсінбі күні болады. Сәлден соң нақты мекен-жайын жазам», – деген хабарламалар әдетте алаяқтар атынан келеді.
Бұған жауап жазып көңіл айтқан соң хат жіберуші тағы бір хабарлама жібереді. Оның мәтіні мынадай: «Ыңғайсыз болса да айтайын, маған ақшалай көмек керек. Табыт алу үшін алдын ала ақша беруім керек болып тұр. Бейсенбі күні қайтарып берем».
Бұл хабарламаны оқыған желі қолданушысы хат жіберушінің өзіне хабарласқанда, оның анасы тірі екенін білген.
Өзге желі қолданушылары да мұндай жағдайды бастан өткергендерін айтады.
Кейбір хакерлер телефон нөмірін де бұзып, смс-хабарламалар жібереді.
«Күйеуімді де осылай алдаған. Жұмысқа келгенінде сыныптасының әйелі көз жұмғанын естиді. Оған жалақысын салып жібереді. Кейіннен әріптестері болып үйіне барса, әйелі есік ашып тұр екен», – дейді желі қолданушысы.
Тағы да оқыңыз:
Ер адам төсек қатынасымен көп айналысып бір көзі көрмей қалды
Дәрігер емхана дәлізінде жатып көз жұмған ер адамның оқиғасын айтып берді
3 жасар бала дәрігерлерді күткен күйі әкесінің қолында көз жұмды