Желіде әлемдегі ең жас миллиардер бойжеткеннің ұсқынсыз суреттері тарады
АҚШ-тың 22 жастағы моделі, бизнесвумені Кайли Дженер әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің сымбатты келбетімен танымал. Алайда желіде оның бояусыз жүрген суреттері тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған суреттерді көрген бойжеткеннің оқырмандары оны танымай жатты. Карантин кезінде танымал модель опа-далапсыз құрбысына баруды жөн көрген.
"Мынау мүлдем басқа адам ғой", "Дженердің сымбаттылығы қайда кеткен" деп пікір қалдырып жатты желі қолданушылары.
Осылайша модельдің сымбаттылығының астарында бет бояуы мен өңделген сурет жатқаны әшкере болды.
Десек те кейбір желі пайдаланушылары Дженерді өзінің ұсқынсыздығына қарамастан мәз екенін байқап жатты.
Кайли Дженнер - америкалық модель, бизнесвумен және "Кадашьян отбасы" реалити-шоуының қатысушысы. Ол Kylie Cosmetics косметика желісін құрып, үлкен табысқа қол жеткізген. 2019 жылы ол әлемдегі ең жас миллиардер әйел деген атаққа ие болды.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі