Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік террористер туралы тағы да бір фильм түсірілді (видео)

Желіде ақтөбелік террористер Әлібек Ақпанбетов, Бақыт Қуанышбаев, Асхат Рахметов пен Әрсен Таңатаров қатысуымен түсірілген фильм пайда болды. Асхат Рахметов интернеттегі видеоларға сенгенін айтып жатыр.

длшо

Бұл туралы Timeskz хабарлайды.

“Мен бірінші кезекте жастарды ата-анасын тыңдауға шақыратын едім. Себебі, ешбір ата-ана туған перзентіне жамандық тілемейді. Олар сенің қамыңды ойлап, адам болғаныңды қалайды. Тамырдан аққан қан жібермейді. Ал біз түкке тұрғысыз ақпараттарға сеніп, қателікке бой алдырамыз. Ата-аналарыңды көзі тірісінде сыйлаңдар. Анам мені 28 жасыма дейін асырап бақты”, – дейді Асхат Рахметов.

Бүгінгі таңда азамат өзінің анасына ешуақытта көмектеспегені үшін өзін кінәлі сезініп жүр.

“Қазір оның жасы 50-ден асты. Мен оған қамқор болуым керек. Үй салып бастаған едік. Әлі бітпеді. Сол үйді тұрғызуға әлі де көмектесуім керек. Ол маған орта және жоғары білім алуға көмектесті. 28 жасыма дейін мені бағып-қақты. Ол қолынан келгеннің барлығын жасады. Ал мен оның бұл еңбегін қайтара алмадым. Ата-анамызды құрметтеуіміз керек”, – дейді сотталушы.

Ал тағы бір сотталушы Арсен Таңатаров бұл видеоға өз еркімен түсіп отырғанын мәлімдеді. Ол да осы күнге дейін жасаған жаман істері үшін өкініп жүр екен.


Жіберіп алмаңыз:

Дінтанушылар: Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс

Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Талқылау