Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі оқырмандары қызын жұқа киіндіріп қойған Ашаны сынап тастады (фото)

Қазақстан эстрадасындағы ең жарасымды жұп саналатын Арман Қоңырбаев пен Аша Матай қыздары Асылымды алғаш рет ел алдына алып шықты. Жуырда ғана ата-ана атанған жұбайлар қыздарын алып, туған-туыстарына сыйлық алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_13

«Керемет серуен болды. Жақындарымызға сыйлық алып үлгердік», – деп жазды Аша өзінің желідегі парақшасында.

Screenshot_14

Желі қолданушылары дүниеге келгеніне небәрі 2 ай болған сәбиді қақаған аязда жұқа киіндіріп қойған Аша Матайды сынап тастады.

“Аша, Асылымды қалың киіндіріп қой, тоңып қалады ғой. Қызыңдікіне қарағанда өзіңнің үстіңдегі киімің қалың сияқты”, “Қызыңызға жылырақ және кеңдеу киім кигізіңізші”, “Қазір жаппай тұмау жүріп жатыр, абайлаңыз”, “Қайдағы сыйлық, кішкентай баламен үйде отыру керек, барлық жерде вирус”, – деп пікір білдірді олар.

Десе де, Арман мен Ашаны жақтап, баланың қамын ата-анасынан артық ешкім ойламайтынын айтқандар да көп болды.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлап, өлең арнады (видео)

Қайрат Нұртастың әкесі отбасын сақтап қалу үшін кезінде әншіліктен бас тартқан

Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген

Желі оқырмандары Тәуекел Мүслімге Кәмшат Жолдыбаеваға үйленуге кеңес берді

Талқылау