Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке тұлғаларды декларация тапсырудан босату: Қаржы министрлігі Freedom Bank-тен түскен кешбэкке не үшін есеп беру керегін түсіндірді

фридом 2gis

Фото: 2gis.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтарды кешбэкке салық салынбайтынын, сондықтан оны декларациялау оңай деп сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ержан Біржанов Freedom Bank-тің клиенттері банктен есепшот ашпас бұрын келісімге қол қоятынын түсіндірді. 

"Осы келісімге сәйкес брокерлік келісімшарт ашылады және бұл сома бағалы қағаздарға теңестіріледі. Егер бізде бағалы қағаздар болса, олар бойынша кіріс болса, оны міндетті түрде декларациялау қажет, ол үшін 270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырылады. Бірақ бірден атап өткім келеді – бұл кіріске салық салынбайды. Біз жай ғана алынған табысты көреміз, және осы декларацияда алынған табыс көрсетіледі, бірақ оған салық салынбайды", – деді Біржанов.

Оның айтуынша, өткен жылы кешбэк алған азаматтар биылғы 15 қыркүйекке дейін декларация тапсыруға тиіс. Сонымен қатар ол жеке тұлғалар жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңінен босатылуы мүмкін екенін еске салды. Алайда Freedom Bank клиенттері жеке тұлға болса да, алған табысы туралы есеп беруге міндетті.

“Аталған табыстар бағалы қағаздар ретінде қарастырылады, мұнда сондай бір механизм бар. Бұл – клиенттің таңдауы, ол өзі Freedom-ға жүгінді, өйткені онда кешбэк те, пайыздар да жоғары. Сондықтан декларация тапсыру қажет. Менің ойымша, декларация тапсыру аса үлкен жүктеме емес, оның үстіне бұл табысқа салық салынбайды, тек табыс, оң айырмашылық көрсетіледі. Декларация тапсыру автоматтандырылған, декларациялардың дерлік 100%-ы онлайн форматта тапсырылады. Мемлекеттік кірістер органына барып, кезек күту деген мәселе жоқ. Барлық азамат онлайн режимде тапсырып жатыр", – деп қосты Біржанов.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 14:23
Талқылау