Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеке өмірге уақыт жоқ": Желіде жас буын 8 сағаттық жұмыс кестесіне шағымданды

Z ұрпақ желіде 8 сағаттық жұмыс күніне шағымдануда. Олардың айтуынша, жұмыстан басқа нәрсемен айналысуға уақыт болмағандықтан бұл күйзеліске түсіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Business Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pixabay-дан

Қазан айында Бриел есімді TikTok қолданушысының жариялаған видео 3,5 миллион қаралым жинаған. Онда бойжеткен таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс кестесіне шағымданып, жеке өмірге уақыт жоқ екенін айтқан. Бриэльді көптеген желі қолданушылары да қолдады. Көпшілік бұл кестені күйзеліске әкелетінін жеткізді.

Бриелге қолдау көрсету үшін желі пайдаланушылары кеңсе жұмысын жеңілдету туралы түрлі кеңестер айтып челлендж бастады. Мұнда таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейінгі уақытта күйзеліске түспес үшін қалай өткізу керек екені айтылды.

Соның ішінде жұмысты жеңілдету үшін электрондық поштаны жаңартуды немесе әлеуметтік желілерді тексеруді тоқтату туралы да кеңестер айтылды.

"Мен бас директор емеспін және компаниялардың акцияларына ие емеспін. Сондықтан маған үнемі тексерудің қажеті жоқ", - деді желі қолданушысы.

Сондай-ақ еңбек шарты бойынша ғана қозғалып, көп жұмыс істемеу керектігін айтты. Сонымен қатар түскі үзілісті кеңседен тыс жерде өткізуді ұсынады. Айтуынша, бұл басқа нәрсеге көңіл аударуға жақсы мүмкіндік. 

Тим Уайтхед атты желі қолданушысы да өзінің құнды кеңесімен бөлісті. Ол ең алдымен корпоративтік жүйеде жұмыс істеуге қаншалықты дайын екеніңізді шешіп алуды ұсынды. Ер адам жұмыс пен жеке өмір арасындағы шекараны алдын ала анықтау керек екенін атап өтті.

Ал тағы бір қолданушы Джессика Оллереншоу жұмыстан соң өзін марапаттауды ұмытпауды ұсынады.

"Мен артық  2-3 сағат жұмыс істесем, карамелді латте мен тәтті алып өзіме кішкентай сыйлық жасаймын", - деді ол.

Өзінің кеңестерінен басқа, бойжеткен әр 45-60 минут сайын компьютер экранынан кішігірім үзіліс жасауды ұсынды.

Нью-Йорк университетінің профессоры Сюзи Уэлч жаңа толқынның неге мұндай кестемен жұмыс істегісі келмейтінін түсіндірді. 

"Бұл буындағы адамдарға әлем жаңалықтары мен індет өмірдің қысқа және өткінші екенін үйретті. Сондықтан олар уақытты барынша жақсы пайдалануға тырысады. Олар қалаулары бір күні орындалатынын күтпейді. Керісінше әлемді дәл қазір өзгерткісі келеді", - деп қорытындылады ол.

Талқылау