Жеке кәсіпкерлер жаңа салық кодексінің ережелерімен жұмыс істей алмай отыр

1 қаңтардан бастап арнайы салық режимі күшіне енді. Енді жеке кәсіпкерлерге операцияларын арнайы банктік шоттар арқылы жүргізу қажет, алайда барлық банк бұл шоттарды уақытында ашып үлгермеді. Сол себепті жеке кәсіпкерлер жаңа салық ережелерімен жұмыс істей алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Саяси аналитик Ғазиз Әбішевтің айтуынша, кәсіпкерлер E-Salyq Business арқылы тіркеліп, операцияларын екінші деңгейлі банктердегі арнайы шоттар арқылы жүргізуі тиіс. Бірақ банктер бұған дайын болмаған.
“Адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге тырысып, пәтерді жалға беру саласын таңдайды, бірақ ары қарай бұл қосымшаға кіре алмай қалып жатыр. Яғни, жүйе толық дайын емес. Олар екінші деңгейлі банктерге жүгінгенде, банктер “бізде әлі арнайы шоттар жоқ” деп жауап береді. Ұлттық банк 2025 жылғы 31 желтоқсанда, яғни өткен жылдың соңғы жұмыс күнінде ережелерге арнайы шоттарға қатысты толықтырулар енгізген”, – дейді Ғазиз Әбішев.
Салық сарапшыларының болжамы бойынша, арнайы шоттар қаңтардың соңына қарай пайда болады. Қазір жеке кәсіпкерлер ақшаны қолма-қол немесе карта арқылы қабылдап жатыр. Бірақ салық органы кейіннен қай ақшаның кәсіпкерлік кіріс екенін растауды сұрауы мүмкін.
Салық саласының эксперті Дмитрий Казанцев кәсіпкерлерге егер әзірге арнайы шот ашпай, қолма-қол ақша қабылдайтын болса, оны уақытша банк картасына қабылдауға кеңес береді. Өйткені жеке кәсіпкерлік аясында ақша сол картаға түсіп, чек шығару керек.
Эксперттер атап өткендей, салық кодексіндегі өзгерістер жүздеген мың кәсіпкерлерге қатысты болса да, көптеген жүйелер жаңа ережелер бойынша жұмыс істеуге дайын емес.
“Мен таңғалмаймын, мұнда салық кодексі, оның мазмұны және әкімшілендіруінде проблемалар бар. E-Tamga жүйесі де солай, кәсіпкерлер неге қорқады? Теорияда КҚҚ (Қосымша құн салығы) өте тез және тиімді қайтарылуы тиіс. Бірақ іс жүзінде көптеген қиындықтар бар", – “Улагат Консалтинг Групп” директоры Марат Каирленов.
Қазір кәсіпкерлер жүйе жаңа салық кодексіне бейімделгенге дейін өзідері амалдауға мәжбүр.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді