Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған және ажырасқан әйелдерді сөкпеуге шақырды
Жазира Байырбекова оң босағада отырып қалған және ажырасқан келіншектер жайлы пікірін айтты. Әнші тағдыр сынағына ұшыраған жандарды кінәламауға шақырды. Айтуынша, тұрмысқа шыққан уақытта әйел баласы ажырасамын деп ойламайды. Ал шаңырақтың шайқалуына көп жағдайда үйдің түтінін түтетіп отырған отанасын қадірлемейтін азаматтар кінәлі, деп жазады Stan.kz.
“Басы бос қыз-келіншектер елімізде өте көп. Әр адамның өмірлік серігі жанында болғаны жақсы, егер ол лайықты адам болса. Егер сіз тұрмысқа шыққан адам сізді мүлдем бағаламай, керісінше өмір сүруіңізге, өсуіңізге, жүйкеңізге, денсаулығыңызға зиян келтіріп отыратын адам болса ше?!
Егер сіз 30-40 тан асып әлі тұрмыс құрмай жүрген болсаңыз Аллам сізді осындай қиындықтардан сақтап жүр деп есептеңіз. Бақыт адамға кез-келген уақытта, кез-келген жаста келуі мүмкін. Бір жағынан бермесе, басқа жағынан береді. Тағдырыңызды Аллаға сеніп тапсырып, жан дүниеңізді таза ұстасаңыз болғаны. Аллам сәтін салса жақсы адамды кезіктірер.
Тұрмысқа мүлдем шықпаған, немесе қателесіп шығып ажырасқан қыз-келіншектердің бәрі жаман болғандарынан емес. Қазақтың жігіттері мықты ғой. Бірақ қазір әйелдің мойнына үй шаруасын да, материалдық жағдайды да артып қойып, жәй ғана артып қоймай аяғына кісен салып тұрып артып қоятындар да бар.
Аналарды қыздарды ардақтаған елміз деген сөзге аса сене алмаймын… 30 пайыз ғана шығар ардақтайтын. Қазақтың қыз-келіншектеріндей төзімді қыздар ешқандай елде жоқ”, – деп ой бөлісті Байырбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Димашты жер-көкке сыйғызбай мақтаған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді
Алғашқы жеке әнін ұсынған Ақбота Сейітмағамбетті халық қабылдай алмады (видео)
Төреғалидың әкесі отандық продюсерді “атып өлтіремін” деп қорқытқан
Мемлекеттік атақ алған Абай Бегей әріптестерінің сынына ұшырады