AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Қоғамдық орындарда дәретхананы жинап шығамын

Жазира Байырбекова көпшілікті қоғамдық орындардағы дәретхананы тазалап жүруге үйретті. Әсіресе көпшілік орынды ластап жүретіндерге ескерту айту орынды деп санайды. 

Жанболат Жазира

“Қоғамдық орындарда әжетханаға кіргенде шашылып тұрса, менен кейінгі адамнан ұялып, мен бүлдірді деп ойлап қалар деп (жиеркеншек болсам да) жинап шығамын. Арттарыңызды жинап, қағаздарыңызды қоқыс шелегіне салып жүріңіздерші”, – деп жазды әнші.

Байырбекова қоғамдық орындарды тазалайтын қызметкерлерге құрметпен қарау керек деген ойын жеткізді. Адам өзін-өзі тәрбиелемейінше ешкім оны тәрбиелемейді дейді ол. 

“Әжетхананы жуатын адамға құрмет болу керек. Ол да дәл өзіңіздей адам ғой. Адам баласын ренжіткен жақсы емес. Күз келді. Көпшілік жүретін жерге түкіріп тұратындарға да ұрсыңыздаршы. Өзімізді өзіміз тәрбиелемесек, біздің елді келіп ешкім өзгертпейді”, – дейді Жазира ханым.

Желідегі оқырмандары оның сөзін қостады. Енді бірі мысқылдап түрлі пікір жазды. 

“Өте орынды пікір, қосыламын, дұрыс”, “Аялдамада қоймай түкіріп тұрған жасөспірім баланы көрдім. Жанына жақындадым да: “Қоғамдық орында бұлай түкіре беру жақсы емес. Сосын қазақтың жастары мәдениетсіз деп айтады” дедім жай ғана. Бірден тиып, басын изеді. Түсінгенін түрінен көрдім. Қазақ жастары жақсы, бірақ аздап түсіндіріп жіберу керек. Әлде, қоғамдық орындағы мәдениет туралы арнайы пән қосса да болады”, “Ең жаман әдет – жинамау”, “Дұрыс айтасыз осы сөздерді барлық жерге жазып қойса”, “Әншілер дәретханадағы тазалық туралы үйрететін болған ба?”, “Басқаның бәрі қалып, әншілерге осы тақырып айтылмап еді”, – деп жазды олар.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр