Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаздың алғашқы 2 аптасында ғана қазақстандық дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты

Жаздың алғашқы 2 аптасында ғана қазақстандық дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Алайда барлық кәсіпкерлер нақты айналымдарды көрсетпеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дәріхана

Мемлекеттік кірістер комитеті көшпелі тексерулерсіз фарм қызметіне талдау жүргізді. Талдау белгілі бір кезеңде дәріхана қандай пайда алғанын қадағалауға болатын онлайн- БКМ көрсеткіштерінде құрылған.

"Республика бойынша дәріхана – қызмет түрін көрсете отырып, барлығы 3 527 кәсіпкер, 7 674 онлайн-БКМ (бақылау-кассалық машина) тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есептілігін күтпестен, айналымдар сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерді де мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет", - деді ведомствода.

Нәтижесінде, 3 527 дәріхананың ішінен адал және заңға мойынсұнды 60% немесе 2137 дәріхана нақты айналымдары анықталды

Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2020 15:47
Талқылау