Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазда қырғи-қабақ соғыс кезінен бергі ең маңызды саммит өтеді - Блинкен

Вашингтонда шілде айында өтетін НАТО саммиті қырғи-қабақ соғыс кезінен бергі ең маңыздысы болмақ. Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкен альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірлескен баспасөз конференциясы кезінде осылай деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Голос Америки

Оның айтуынша, алдағы кездесуде альянсқа төнетін қауіпке қарсы тұру мәселесі талқыланады. 

"Ол Ресей, Қытай немесе киберкеңістіктегі лаңкестікпен күрес болса да бәрібір", – деп атап өтті Блинкен. 



Бұған дейін НАТО әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр НАТО Ресеймен алдағы жиырма жыл ішінде болатын жанжалға дайындалып жатқанын мәлімдеген еді.

"Біз бейбіт әлемде өмір сүріп жатқанымыз әдеттегі жағдай емес екенін түсінуіміз керек. Сол себепті біз (НАТО күштері) Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатырмыз", – деп мәлімдеді НАТО шенеунігі. 
Сондай-ақ Бауэр қысқа мерзімде оқ-дәрі мен қару-жарақ шығару қажет екеніне байланысты қақтығысқа дайындық "өндіріс базасына сүйенетінін" болжады. Ол қайтадан әскерге шақыру басталуы мүмкін екенін мәлімдеді. 
 

Талқылау