Қазақстандықтардың көбінің бананға аллергиясы бар: Сарапшылар аллергия тудыратын жеміс-жидектер туралы айтты
Мамандар жаз мезгілінде адамдарда аллергия беретін жемістер түрін атады. Деректерге сай, 2023 жылы 1000-нан астам адамда бірқатар жемістер мен жидектерге аллергия анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото freepik
Мамандардың айтуынша, аллергенді жеміс-жидектерге антирейтингтің көшінде банан тұр. Зерттеулер бойынша 274 емделушіде нәтиже оң болған.
Екінші орында - алма. Бұл жеміске аллергия 146 адамда анықталған. Ал үшінші орында - апельсин. Әрі қарай антирейтингке маусымдық жемістер - шабдалы, мандарин, құлпынай, лимон, киви және шие кіреді. Ал ТОП 10-дықтың соңғы орнында - жүзім тұр. Аллергия небәрі 30 адамда анықталды. Бұл ретте, маусымдық таңқурай мен қарбызға аллергия сәйкесінше 29 және 27 адамда анықталғанын айта кеткен жөн.
"Жемістерге аллергияның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бір жағынан, аллергияны жемістердің құрамындағы аллергенді ақуыздар тудыруы мүмкін. Екінші жағынан, аллергия осы ақуыздардың тозаң, латекс немесе басқа да жемістер сияқты басқа аллергендерге ұқсастығына байланысты пайда болады. Бұл ұқсастық иммундық жүйені шатастыруы және ол оларды қауіп ретінде қабылдауы мүмкін. Латекске аллергия тері, асқазан-ішек және ауыр жүйелік реакциялармен сипатталады. Латекске аллергиясы бар адамдарда жемістерге реакцияның даму ықтималдығы 30-50%-ды құрайды. Сонымен қатар, жемістердің аллергенділігін кейбір химиялық заттар жоғарылатуы мүмкін. Мысалы бананның тезірек пісуі үшін де химиялық заттар қолданылып жатады", - деп атап өтті маман Ерлан Сулейменов.
Сонымен қатар, жемістерге аллергияның пайда болуы әр адамда жеке ерекшеліктеріне де байланысты болады. Атап айтқанда, жасы, жынысы, басқа аллергиялардың болуына байланысты анықталған. Сонымен қатар, кейде нақты аллергенге тұрғылықты өңір аймақтар да әсер етеді.
Аллергияны уақтылы диагностикалауға және емдеуге назар аудару керек екенін есте сақтаған жөн. Себебі ағзаның бұл реакциясы бронх демікпесінің және басқа да ауыр аурулардың дамуымен тығыз байланысты болады.