Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: ШҚО-да 10 мектеп салынады

Шығыс Қазақстан облысында мектептерді сапалы жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу, сондай-ақ тозығы жеткен мектептерді қалпына келтіру мақсатында өңірде 5 мектеп және "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салынады.

Оның 5-і Өскеменде, біреуі – Риддер мен Шемонаихада, 3-і Глубокое ауданында салынады.

Ал құрылысы жоспарланған 1200 орындық екі мектепке келетін болсақ, мемлекеттік тілде оқытатын 600 орындық білім ошағының біреуін "Казцинк" компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде салатын болса, екіншісі ұлттық жоба аясында бой көтереді.

- Қазақ тілін жақсы үйренгісі келетіндер үшін "Қонақжай отбасы" жобасы іске асырылды. Балалар 20 күн бойы Катонқарағай ауданының ауыл тұрғындарының отбасында тұрып, қазақ тілінде сөйлеп, халықтың тұрмысы мен дәстүрін үйренді. Келер жылы жобаның географиясы кеңейтіледі.

Сонымен қатар облыста мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мәселесі толық шешілген. Бүгінгі таңда әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 5 мың бала балабақшаға тегін барады.

22 мың оқушы формамен, аяқ киіммен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар 100% жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтылған.

1-4 сынып оқушыларының барлығы тегін тамақ ішеді.

Білім беру мен өндірістің өзара байланысы өте маңызды. Дуальды оқыту шеңберінде жылу энергетикасындағы кадр тапшылығы мәселесі шешілуде. Ағымдағы жылдың күзінен бастап студенттер Согра, Өскемен ЖЭО-ларда тағылымдамадан өтеді. 

Талқылау