Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жайылым жерлерді тегін пайдалануға тыйым салынбақ

15 ақпанда сенат отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып, заңнаманы жетілдіру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат отырысынан скриншот

Бұрын жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеме нормасының 20%-нан аз болса, артық жайылым мемлекетке қайтарылуға тиіс еді. Ал ұсынылған заң бойынша түсетін жүктеме нормасының 50%-ынан аз болған жағдайда артық жайылым қайтарылады. 

Бұдан бөлек енді орман және табиғатты күзету мекемелері жыл сайын мал жайып, шөп шабуға болатын жерлер туралы әкімдікке есеп береді.

“Қолданыстағы Жер кодексінің 36-бабында шалғайдағы және ауыл халқын жайылыммен қамту үшін конкурссыз 5 жылға тікелей беру туралы норма қазіргі заңнан мүлдем алынып тасталады”, – деді сенатор Сәкен Арубаев. 

"Жайылымдар туралы" заңға "Көпшілік пайдаланатын жайылымдар" туралы жаңа ұғым енгізіледі. 

“Қоғамдық жайылымдар елді мекендердің іргелес аумағында орналасады және жеке ауланың мал жаю бойынша жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Оларды ауылшаруашылық жерлерінің басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынады. Сонымен қатар жер жеке меншікке және пайдалануға берілмейді, тек халықтың мал жаю қажеттігі үшін пайдаланылады”, – деді сенатор.

Сенат депутатының айтуынша, "Көпшілік пайдаланатын жайылымдар" көлемін ұлғайту мақсатында ауылдық елді мекен шекарасынан тыс орналасқан жайылымдарды ауыл әкімдерінің құзыретіне беру туралы норма ұсынылып отыр.

“Қазіргі кезде олар аудандық атқарушы органның құзыретінде. Бұл норманың басты мақсаты – жеке мал жаю үшін жайылыммен қамтамасыз етуге қатысты ауыл әкімдерінің құзыреттерін кеңейту және жайылымдарды пайдалану туралы жоспардың кешенділігін қамтамасыз ету”, – деп атап өтті ол.

Жайылымдарды пайдалану туралы жоспар енді 5 жылға арналып жасалады.

Талқылау