Жайдарманшы Мереке Қалбаева өзінен жеті жас кіші күйеуіне тоқал алып бермекші
Жайдарманшы Мереке Қалбаева шаңырақ көтергендеріне бес жыл толуына орай күйеуіне жаңа автокөлік сыйлады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мереке Қалбаева қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Арсен Акиев жұбайының “тоқал әперемін” деген уәдесін де алды.
“Бүгінгі жаңалық осы. Жас болса да, бас болып жүрген отағасына сыйлығым. Шаңырақ көтергеніміздің 5 жылдығына “двухсотка”, 50 жылдан соң тоқал әперемін. Барынша көп өмір сүруге тырыс жаным”, – деп жазды Мереке.
Жас айырмашылығын кедергі көрмеген ерлі-зайыптының сыйластығына тәнті болған желі қолданушылары құтты болсын айтып жарысты.
“Аллаға шүкір! Құтты, берекелі болсын”, “Берекелі көлік болсын”, “Мықтысыз, жұптарыңыз жазылмасын”, “Табандарыңда тозсын”, “Игіліктеріңе мініңдер”, “Туған күнде тосынсый болды”, – деп ақжарма тілектерін арнады желідегілер.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”