Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жүргізуші әйелді қағып, көлігімен қоса өзенге батырып кеткен

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаяу жүргіншіні өлтірген ауыл тұрғынына үкім оқыды.

фото:ктк арнасы

Адам қағып оны өз көлігімен өзенге лақтырып кеткен жүргізуші бір жарым жылға бас бостандығынан айырды.

«2017 жылдың 21 қазанында Башмачное ауылындағы дәмханада достарымен ішімдік ішкен ауыл тұрғыны ВАЗ-2104 автокөлігімен жаяу жүргінші О.Щербакованы қағып кеткен.

Ол жолда жатқан әйелді көлігіне сүйреп кіргізіп, жар жиегіне қарай жүрген. Кейін көліктен секіріп түсіп қалады. О.Щербакова болса автомобильмен өзенге құлап, мерт болады»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот Железин ауданындағы Башмачное ауылында тұратын 26 жастағы жігіттің қылмыстық ісін ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі («Абайсызда кісі өлтіру»), 345-бабы 2-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы»), 347-бабы («Жол апаты орнын тастап кету») және 99-бабы 2-бөлігінің 10-тармағы («Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан») бойынша қарады.

Сот айыпталушыны бір жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Бұл мерзімнен оның 2017 жылғы 22 қазаннан бастап қамауда болған уақыты шегеріледі.

Ол жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі төмен мекемесінде өтейтін болады. Сонымен бірге мемлекет пайдасына 503 661 теңге көлеміндегі сот шығындары өндіріліп алынады.

Оқи отырыңыз:

19 жастағы блогер тікелей эфирде тегін жыныстық қызмет көрсететінін айтып, қамауға алынды

Айгүл Иманбаева: Бір аунап тұрдым, екі жыл бойы ауыр дертпен күрестім

Almaty Towers ғимаратындағы өрт: батут орталығының директоры сотталды

Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы

 

Талқылау