Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы

Бүгін мәжілістің отырысында ТМД мемлекеттерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қорғаныс  және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов cөз сөйледі.

Фото: © Болат Шайхинов

Министрдің баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасағаны қуантты, әрине. Бірақ сұрақ-жауапқа келгенде, шенеунік кейбір депутаттардың сөзін түсіне алмай, әбден састы, деп хабарлайды Sputnik.

Бірінші болып Бекболат Тілеухан сауал қойды. Депутат келісімдегі ақпаратты жарияламау және қорғау міндеттемелері көрсетілген норма бұзылғанда, қандай жауапкершілік көзделгенін білгісі келді. Министр сауал қазақша болса да, орысша сөйлеп кетті. Сонда да мандытып жауап бере алмады. Осы жерде мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сөзге араласуға мәжбүр болды.

“Сіз жалпы сөздермен лекция оқып бердіңіз. Сұрақ нақты болды, ал сіз сұрақты түсінбедіңіз”, — деген ол депутаттың сұрағын орысшаға аударып беріп, министрден сауалдарды зейін қойып тыңдауды өтінді.

Осыдан кейін орысша сауалдарға мүдірместен жауап беріп жатқан министр қазақшаға келгенде тағы да тосылды. Депутат Хаменованың сұрағының байыбына бара алмай, “мен… бұл үшін…” деп сасқалақтап, қандай жауап берерін білмей әбден қысылды.  Осы кезде Нығматулин тағы да көмекке келді.

“Депутаттың сұрағы мынадай болды: айырбасты жеңілдету бойынша қандай шаралар болады және бұл шаралар қашан қабылданады? Бұл ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге жол ашпай ма? Мен сізге әрі қарай да аударып бере аламын. Бірақ алдыңызда құлаққап бар, егер түсінбесеңіз, аударманы тыңдауыңызға болады”, — деді Нығматулин орысшалап. Министр кешірім сұрап, әрі қарай ресми тілде сөйлей жөнелді.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысының тұрғыны екі көзі бірдей көрмейтін ұлының Сирияға кетіп қалғанын айтып жылады

Елімізде жүргізушілер көлік нөміріне өз аты-жөнін жаздыра алады

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар