Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

Желіде Мадияр есімді азаматқа әйелінің жазға хаты жарияланды. Жүкті әйелдің жазбасы жұртты жылатты.

“Мадияр, саған не жазарымды, неден бастарымды білмеймін. Мен бәріне шаршадым. Саған деген көңілім қалды. Сені түзелер деп қанша күттім. Мен саған осылай жылап жүру үшін тұрмысқа шықтым ба? Менің өмірім ойыншық па? Не ұнамады? Мен саған не ісдедім? Бар жазығым сені адам болсын деп алға сүйреп келгенім бе?”, деп басталады келіншектің жазбасы.

“Өзгелердің келіншегі бала да көтере алмай жүр, мен сенің балаңды көтеріп жүрмін емес пе? Сендей қатын табылады дейсің. Саған басқа әйел алу, үйлену оңай. Ал, балаға не болмақ? Мені балағаттап, қол көтеретіндей мен кіммін саған? Бұрын қандай едің? Қазір қандайсың? Сенсіз өмір сүре алмайды деп ойлама. Сені тастап, бәрі қол сілеп кетіп қалу маған да қиын. Бірақ бұдан кейін де сен түзеледі, адам болады дегенге сенбеймін.

Саған еш жамандық тілемеймін. Мүмкін бұдан кейін де ойланып көрерсің. Тек арақ ішуіңді, қыдыруыңды, клубқа баруыңды қой. Ол саған жолдас болмайды. Қазір жаныңда жүрген жолдасарың, туыстарың кейін жаныңнан табылмайды. Адамға бала-шағасы, әйелі, отбасы керек. Ертеңгі күні ешкімге керексіз болып қаласың. Менен кеткен қателіктер болса кешір. Мен сенен кеткен соң тұрмысқа шықпаймын. Баламды асырап, өзім жеткізем. Кейін сені іздеп барар. Сол кезде қарайласарсың. Ал, қазір мен кетіп барам. Сау бол! Мен сені қатты жақсы көргем әлі де жақсы көрем. Соны ұмытпа”, – деп жазады келіншек.

Желі қолданушылары бұл жазбаға қатысты пікірін жазып жатыр. “Барымызды бағалай білейік. Ақылды келіншек секілді”, “Ештен кеш жақсы, мүмкін жолдасың әлі де түзелер”, “Осылай аяқталғаны өкінішті”, “Жүктілік кезде әйелдің бұлай қиналуы балаға да кері әсер етеді”, “Ер адамның санасыздығы себеп”, дейді желідегілер.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысының тұрғыны екі көзі бірдей көрмейтін ұлының Сирияға кетіп қалғанын айтып жылады

Елімізде жүргізушілер көлік нөміріне өз аты-жөнін жаздыра алады

1-сынып оқушысының зорлану оқиғасына қатысты Аружан Саин көпшілікке үндеу жариялады

Талқылау