Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1-сынып оқушысының зорлану оқиғасына қатысты Аружан Саин көпшілікке үндеу жариялады

Белгілі қоғам қайраткері, “ДОМ” қайырымдылық қорының басшысы Аружан Сайын Шымкентте зорланды деген 1-сынып оқушысына қатысты көпшілікке үндеу жолдады.

Сурет желідегі парақшасынан алынды

Бұл туралы қоғам белсендісі желідегі парақшасында жазды.

«ОҚО-да Абай ауылында зорланды деген 7 жасар оқушыға қатысты хабарландыру. Бұл істің нәтижесі қарама қарсы көзқарас тудырды. Сондықтан құқық қорғаушылар мен бейжай қалмаған азаматтардың кеңесіне жүгіне отырып, бірқатар қоғам қайраткерлері төмендегідей шешімге келдік:

  1. Жанна Ахметова қайырымды жандардың қолдауымен оқушы мен әжесінің жол-пұлын, жатар орны мен тамағына жауап береді.
  2. Гүлзат Ассанова Қазақстанның психологтар кеңесі ұжымымен бірлесіп баланың жағдайын түбегейлі тексереді.
  3. ДОМ қоғамдық қоры медициналық қызметі мен мемлекеттік органдармен қатынаста болу міндетін алады.

Бұл жайлы ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбековке ескертіп, қолдауды сұрадық.

Жергілікті өңірдегі мамандарға сенімсіздік туғандықтан осындай шешім қабылдап, кәсіби мамандардың тексеруін қолға алмақпыз.

Тексеріс нәтижесі жәбірленушінің отабсы мен мемлекеттік органдарға береміз. Тексеріс нәтижесіне қарай алдағы уақытта шешім қабылданатын болады.

Құқыққорғаушылар мен заңгерлерді, қоғам қайраткерлерін, танымал жандарды бізді қолдауға шақырамыз. Кәсіби кеңес бере алатын сарапшылар Татяна Семеновамен +7 701 783 5303 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Жәбірленушінің отбасын Алматыға шақырғанда көмектесем дейтін жандар болса, тегін кеңес бере алатын заңгерлер болса, Жанна Ахметовамен хабарласа алады.

Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысының зорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында 5 баласы бар отбасы күйеуінен зәбір көрген 2 келіншек пен 14 баланы асырап алған

Мектеп әрі жатақхана: Астанада бір ғимаратта он отбасы өмір сүріп, жүздеген оқушы білім алады

АҚШ пен Германия азаматтары тарапынан қазақ қыздарының пәктігін сатып алуға сұраныс көптеп түсуде

Талқылау