Зорлық болмаған: 1-сынып оқушысына қорлық көрсетті деген іске нүкте қойылды

Сот-медициналық сараптама қорытындысы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.

Sputnik Қазақстан редакциясына түскен қорытындыға сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысы сот сараптама институтының мамандары баланың зорланбағанын анықтаған. Сарыағаш аудандық ауруханасы да оқушының денесінен ұрып-соғу белгілерін таппапты.

Оңтүстік Қазақстан облысының 62 жастағы ауыл тұрғыны бұдан бұрын өзінің қамқорлығындағы 1-сынып оқушысының зорланғанын хабарлаған болатын. 12 қаңтарда ол полицияға арыз беріп, екінші сабақтан кейінгі қоңырау кезінде немересін 13 жасар бала ұрып-соғып, зорлады деп шағымданған.

“Тамыз айында бірінші сынып оқушысының әжесі АІІБ-не немересін соққыға жықты деп арыз берді. Әйел адамға жалған шағым түсіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені ескертілген. Сол кезде ол арызын қайтып алады. Кейін 12 қаңтарда тағы бір шағым түсіреді. Оның айтуынша, тамыз айынан бері ағайынды 6 және 7-сынып оқушылары немересіне сексуалды сипатта зорлық жасап келген. Тергеу басталып, комиссия құрылды. Бірінші сынып оқушысы мен айыпталған жасөспірімдер бір үйде тұрады, бірақ әртүрлі мектепте оқиды”, — деп мәлімет берді Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов.

Майриховтың өзі мектепке барып, сабақ кестесін анықтап, бақылау камераларындағы жазбаларды көрген, психологтармен сөйлесіп, директормен де жиналыс өткізіпті, бірақ әжейдің айтқан сөзін растайтын еш дәлел таппаған.

Білім беру бөлімінің басшысы атап өткендей, ағайынды жасөспірімдердің өкілі 62 жастағы әйелді сотқа бергелі отыр. Өйткені балалардың әкесі қатты күйзеліске ұшырап, бірнеше күн бұрын қайтыс болған екен.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, зорлық жасалғаны дәлелденген жоқ.

“Сараптама жасалды, баланы ешкім зорламаған”, — деді ол сейсенбі күні тілшілерге.

Тағы оқыңыз:

АҚШ пен Германия азаматтары тарапынан қазақ қыздарының пәктігін сатып алуға сұраныс көптеп түсуде

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар