Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтып, хабарландыру жариялады

Абзал Молдабек есімді азамат 8 сотық жерін тегін беретінін хабарлады.

Ағайын! Өз атымдағы 8-соток жерімді бір қазаққа тегін беремін! Шартын дұрыстап оқып алыңыз! Осы жазда ең болмағанда іргетасын қалауға шамасы келетін адам болу керек. Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылында. Үйлер салынып жатыр, балалар оқитын мектебі бар. Саяхат автобекетінен 45-50 минуттық жер. Тек сол жақта болашақта тұратын адамға ғана беремін. Барлық құжатын жасап қойғанмын. Алатын адам құжаттарын заңгердің көзінше тексеріп алса болады. 87017040067 тек ватсапқа жазыңыздар, менің номері”, – деп жазады ол желіде.

Желі қолданушылары бұған сенер-сенбесін білмей дал болуда. Кейбірі дереу хабарласатындарын айтты.

“Тым болмағанда арзан бағаға сатпайсыз ба?” деп жазады желідегілер. Көпшілігі “Алла разы болсын” деп ризашылығын білдіруде.

Тағы оқыңыз:

ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді

Психолог: Енелердің бір қателігі келіннің жақсы-жаман болуын баласынан көрмейді

Қыздың бұтына жабысып билеген жігіт елдің ашуын келтірді (видео)

Талқылау