Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Almaty Towers ғимаратындағы өрт: батут орталығының директоры сотталды

Бостандық ауданының №2 сотында Almaty Towers бизнес орталығындағы алты адамның өмірін жалмаған өрт туралы іс бойынша үкім шықты. Бұдан бұрын олар кінәсін мойындап, бостандығынан айырмауды сұраған еді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Almaty Towers ғимаратындағы батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, салдарынан екі немесе одан да көп адамның қазаға ұшырағаны үшін төрт жыл бір айға бас бостандығынан айырылды.

Ал дәнекерлеуші Александр Жук сот үкімімен бес жылға сотталған.

Сотталған азаматтар сот залында қамауға алынған.

2016 жылы 6 қарашада Almaty Towers бизнес орталығындағы өрт шығып, алты адамның өмірін қиған болатын – бір дәнекерлеуші мен жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан студенттер.

Тағы оқыңыз:

Алматылықтар GGG әріпті нөмірлерге 100 мың теңгеден астам қаржы жұмсауда

Балиеваға 2 кресло не үшін қажет: Желі қолданушылары балалар қамқоршысын қызметінен босатуды ұсынды

Алматыда жаппай төбелес: Дәмханада даяшылар келушілерге орындық лақтырған (видео)

БАҚ: Ресей азаматы 25 жыл Қазақстанда құлдықта болып, мал бағып келген

 

Талқылау