“Жаужүрек мың баладағы” Қорлан жеке кинокомпаниясын ашты
Құралай Анарбековаға «сүйіктің кім» деген сауал жиі жолданады. Кинопродюсер ретінде тұңғыш толық метрлі картина таспалаймын деп шешкен соң, бұл сұрақ тіпті үдей түскен. Картина таспалауға қаржыны қайдан алды? Қолдаушысы кім? Сылқымның өзі қауесетке нүкте қойды.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
«Қасымда арқа сүйер азаматым болмаса, қиын болар еді, мен үшін. Әрине, бар. Көп жылдар бойы бірге өсіп, бір-бірімізді бағыттап келеміз», – дейді Құралай.
Сүйіктімнің мыс-мыстап қалтама қаржы қыстырарлықтай дәулеті жоқ, — дейді актриса. Маңдай тер – бүгінгі биігінің кепілі. Сондықтан, «Жау жүрек мың баладан» соң, мансап қуу әлде жеке даму деген үлкен таңдау жасағанын айтады.
«Актриса болып қала берген кезде, мүмкін, әрине мен көптеген проекттерге түскен болар едім. Көптеген ұсыныстар болды. Тәуелсіз өмір сүру үшін өзіңді қамтамасыз ету керексің. Сондықтан мен оқу оқыдым», – дейді актриса.
Мәскеудегі ВГИК-ті «Кино және ТВ продюсері» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, тірнектеп жинаған білімі мен тәжірбиесін отандық кинематографияға бағыттауға бекінген. Оның үстіне, құрбысы Әсел Сәдуақасованың кинопродюсерліктегі табыстылығы да, мақсатқа бір қадам жақындай түсуге түрткі болған.
«Мәскеуден дипломымды алып келгеннен кейін, Қазақфильмде де жұмыс жасадым. Жекеменшік компанияларда да жұмыс жасадым. Содан кейін өзімнің компаниямды ашып, соны көтергенше көп уақыт кетті. Компанияның негізгі мақсаты — үш жыл бұрын осындай толықметрлі фильм түсіру болған», – дейді Анарбекова.
Өзі негізін қалаған компания табысы, картина таспалуға жетерлік қаржыны жиып берген соң, сценарий іздеуге кіріседі. Ресейлік, қырғызстандық және отандық сценаристердің жұмысын саралап, соңында «Брат или брак» комедиясына тоқталған. Себебі, дәл осы оқиға өз әкесінің өмірімен астасып жатқандай. Олар да көп ағайынды отбасындағы жалғыз қарындасын күйеуге қимай, біраз жүріп қалған екен.
«Бес ағайынды. Кішкентай қарындасына әрқашан жанашыр болған, кішкентай қыз сияқты өскен қыз. Тұрмысқа шыға алмай, қиналып, бастарынан өткен оқиға. Өзім қатысуым мүмкін. Кастинг қазір жүріп жатыр. Қазіргі сәтте Ресей актерімен келісім сөз жүргізіп жатырмыз. Сәті түссе болашақта атын білесіздер», – деп түйіндеді сөзін Құралай.
Жіберіп алмаңыз:
Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем
Димаш Франция мен Америкаға баратын болды
БАҚ: Финалда Димаштың микрофоны істемей, даусы бәсеңдеп қалған
Димаштың ізбасары республикалық ән бәйгесінің бас жүлдесін еншіледі (видео)