"Жауын-шашын, тұман мен жел күшейеді": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 30 қараша 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады.
30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша тұман мен жел күшеймек. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.
Талқылау