"Жауын-шашын тоқтап, күн жылиды": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Кей аймақтарда жауын-шашын тоқтап, күн жылиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің дерегінше, аптаның ортасында еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Алайда бұл ретте республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады.
15-16 қарашада циклон біртіндеп батыс аймақтарға ауысады. Салдарынан жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын мен көктайғақ болады. 14 қарашада еліміздің оңтүстік-шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел болжанды.
Түнде ауа температурасы:
- батыста 1-10 градусқа дейін;
- солтүстік-батыста және солтүстікте 2 -11 градусқа дейін;
- орталықта 5-13 градусқа дейін;
- шығыста 5-18 градусқа дейін;
- оңтүстікте 2-10 градусқа дейін жоғарылайды.
Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 градусқа дейін аяз болады деп болжанды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"