Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жатыр жоқ және "микропенис" бар: Бокстан Олимпиаданың алтын жүлдегері Иман Хелифтің медициналық құжаты жарияланды

2024 жылы Париж олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Алжир боксшысы Иман Хелифтің медициналық құжаты жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sportbox басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: sport.ru

Ұсынылған медициналық қорытындыларға сәйкес, спортшының жатыры мен аналық бездері жоқ болып шықты. Сонымен қатар шап өзегінде аталық бездердің және үлкейген клиторға ұқсайтын микропенис бары анықталды.



Басқа сынақ нәтижесіне сәйкес, Хелифте қалыпты еркек 46 XY хромосомалары жиынтығы бар екені расталды. Гормонды зерттеу нәтижесінде алжирлік боксшыдан 14,7 нмоль/л "ерлердегі тестостеронның әдеттегі деңгейі" анықталды. Бұл әйелдердегі ең жоғары тестостерон деңгейінен бірнеше есе жоғары.

Еске салайық, 2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Хелифті Үндістандағы әлем чемпионаты кезінде жарамдылық критерийлеріне сәйкес келмегендіктен ойыннан уақытша шеттеткен. Гендерлік тест нәтижесінде спортшының XY хромосомалары бар екені дәлелденген.

Фото: Скрин

2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада Хелиф 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люден басым түскен еді. Төрешілер бірауыздан жеңісті алжирлік боксшыға берді.

Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған еді. Өйткені италиялық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.

Хелифтің Олимпиадаға қатысуының өзі сан алуан пікір туындатты. Өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді. 

Талқылау