Келесі жаңа жылда ата-апасыз қаласыздар: Бекшин жаңа жылды қанша адаммен тойлауға болатынын айтты
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны артуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бекшин вирус жұқтырғандар санының өсу қарқынын түсіндірді.
"Желтоқсанда 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада - 560 жағдай, болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1 900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2 200 жағдайға жетуі мүмкін. "Бұрын болжанғандай ауру таралуы қазір өсіп жатыр", - деді.
Жастардың вирус тасып жүргенін айтқан Бекшин үлкен адамдарға қауіп төндірмеуге шақырды.
"Жастар симптомсыз түрімен ауырып, вирус тасып жүргенін білмейді. Сөйтіп ата-әжесіне жұқтырады. Олар келесі жаңа жылды ата-апасыз қарсы алуы мүмкін. Соны ойлау керек", - деді Бекшин.
Бекшин бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің жаңа жылды бірге өткізуіне болатынын айтты.
"Егер Жаңа жыл отбасылық мереке болса, онда бір отбасында тұратындардың барлығы үйге жинала алады. Атасы, әжесі, ата-анасы, балалары. Егер отбасында 15 адам болса, олар бәрібір байланыста болады. Сондықтан, бір отбасы бір үйде тұрса, онда Жаңа жылды бірге қарсы ала алады", - деді ол.
Дегенмен бас санитарлық дәрігер ескерту жасап, сақтық шараларын толығымен сақтау керек екенін айтты.
"Бірақ тағы да айтамыз, біз бүгінгі инфекцияның таралуы аясында байланыстарды шектеуіміз керек. Біз жағдайдың шиеленіскенін жасырмаймыз. Біз бүгін "сары" аймақта тұрмыз" , - деп қосты Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
