Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімге тиісті деп айыпталған Алмас Кішкенбаев ұзақ бұзақылық бабымен сотқа тартылмақ

Алмас Кішкенбаевқа ұзақ бұзақылық бабымен айып тағылып, 3 ақпанда сот алдында жауап бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

алмас

Фото: kz.bizorg.su

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында әншіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы "Ұзақ бұзақылық" бойынша айып тағылғанын жазды. 

"Жеке тұлғаларға тиісу және басқа әрекеттері үшін Кішкенбаевқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін", – деп жазды журналист.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Талқылау