"Жасөспірімді темекі мен тамақ тауып келуге мәжбүрлеген": Атырауда отбасыдан қараусыз қалдырған балаларды тартып алды
Фото: Atyrau online
Атырауда 14 жастағы жасөспірім үйіне қайта алмай, көше кезіп жүрген видеосы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім ересектерге тамақ пен темекі тауып әкелуге мәжбүр болған, онсыз үйге кіргізбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atyrau online Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік жауапкершілігі төмен отбасында 14 жастағы бала мен үш жасар қыз өскен. Жергілікті тұрғындар анасының ішімдік ішетінін, ал әйелдің ағасы еш жерде жұмыс істемейтінін алға тартады. Пәтерге бейтаныс адамдар жиі мас күйінде келіп, балалар қараусыз қалады екен. Көршілер не болып жатқанын білді, бірақ ұзақ уақыт үндемей қалуды жөн көрді.
Атырау облыстық полиция департаменті екі баланың да отбасынан тартып алынғанын растады.
"14 жастағы жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал оның үш жасар қарындасы сәбилер үйіне орналастырылды. Ата-анасы балаларға жауапкершіліксіз қарап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді", – деп хабарлады ведомство.
Полиция бір жыл бұрын дәл осы ата-аналардың ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Қазір іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тапсыру үшін дайындалып, оларды ата-ананы құқығынан айыру мәселесі қаралады.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында өгей әке балаларды құлдықта ұстап, мал баққызғаны туралы жазған едік. Кейінірек полиция күдікті өгей әкенің ұсталғанын мәлімдеді.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
