Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының бағдарламасына бокс енгізілді
Азия Олимпиадалық Кеңесі (ОСА) 2025 жылы өтетін Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының бағдарламасына бокс енгізілгенін ресми түрде растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Бахрейнде өтетін III Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Айта кетейік, бастапқыда жариядланған жарыс бағдарламасында бокс бәсекесі болмаған еді.
Әзірге жарыстың форматы мен салмақ дәрежелері туралы нақты ақпарат жоқ. Ұйымдастырушылар бұл жөнінде алдағы уақытта шешім қабылданған соң хабарлайтынын жеткізді.
Еске салайық, Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 2009 жылы Сингапурда, 2013 жылы Қытайда өткен еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ