Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім PUBG ойнап, отбасы мүшелерінің бәрін өлтіргені үшін 100 жылға сотталды

sensortower PUBGФото: sensortower.com

Пәкістанда 17 жастағы жасөспірім Зайн Алиге PUBG ойынына байланысты отбасының мүшелерін өлтіргені үшін 100 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2021 жылы Лахор қаласының Кахна ауданында болды. Сол кезде жасөспірімге 14 жас болған. Тергеу мәліметтерінше, жасөспірім компьютерлік ойын PUBG-ға қатты беріліп кеткен.

Анасы ойынға тым тәуелді болғанын айтып ескерткеннен кейін, ол мылтық алып, 45 жастағы анасын, 20 жастағы бауыры Таймурды, 15 жастағы әпкесі Махнурды және 10 жастағы қарындасы Джаннатты атып өлтірген.

Лахор соты оны кінәлі деп танып, әрбір кісі өлтіру үшін 25 жылдық түрме жазасын тағайындады, жалпы 100 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сот жасөспірімнің жас ерекшелігін ескеріп, өлім жазасын тағайындамаған. Процесс барысында қылмысқа ойынға тәуелділік себеп болғаны анықталды.


Астанада 6 жастағы бала қызды пышақпен қорқытқан (видео)


Қазақстандық ата-аналарға интернеттегі Roblox ойынына қатысты ескерту жасалды


Еске салайық, бұған дейін Астанада 21 жастағы Жанғали Жұматаев Standoff 2 ойынына тәуелді болып, телефондағы ойын үшін жанжалдасып, немере ағасын өлтіріп, үш туысын пышақтаған. Үш әйел ауруханаға жатқызылды, күдікті қамауға алынды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 12:39
Талқылау