Жасөспірім кездейсоқ 3000 жыл бұрын жасалған бұйым тауып алды
Тоғыз жасар бала Иерусалимдегі Ғибадатхана тауында Набуходоносор патша заманына тән алтын моншақ тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұйым үш мың жыл бұрын жасалған.
Биньямин Милт тапқан зергерлік бұйым гүл түрінде орналасқан бірнеше алтын моншақтан тұрады. Моншақ жақсы сақталған, сондықтан археолог бастапқыда оны заманауи бұйым деп ойлаған.
Алайда, зерттеу жүргізгеннен кейін ол элемент Бірінші ғибадатхана (б.з.д. 950 жылдан 586 жылға дейін болған Соломон ғибадатханасы) дәуіріне жататынын, яғни оның жасы үш мың жылға бағаланатынын түсінді.
Мамандардың айтуынша, осы кезеңнің таза алтын бұйымдары өте сирек кездеседі, өйткені сол кезде алтын күміс қоспаларынан жасалған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”