Жасы үлкен кісі: Меруерт Түсіпбаева кіммен көңіл қосқанын айтты
Жақында Қайрат Нұртастың туған күніне қатысқан Меруерт Түсіпбаева көңілді кеште ұзақ отыра алмады. Айтуынша, сүйген адамы оған жарты сағат қана уақыт берген. Жасы үлкен болғандықтан, ол кісіні күттіріп қоя алмайтынын айтады.
Бұл туралы Stan.kz Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мені далада бір адам күтіп тұр, 30 минут қана берді. Осы уақытта мен далаға шығуым керек. Ол менен үлкен адам. Өйткені мен салиқалы жасқа келгенде, жас жігіттермен араласуым мүмкін емес. Өзімнің де балам 17-18-ге келіп қалды. Қазақта "тең-теңімен, тезек қабымен" дейді. Ол кісі біраз жасқа келіп қалған адам", - дейді Түсіпбаева.
Бүгінде өзінен біршама жас үлкен адаммен көңіл қосқанымен, Түсіпбаева өзіне жас жігіттердің көптеп сөз салатынын жасырмайды.
"Жас жігіттер көп сөз салады. Өтірік айтып қайтемін. Жазда көлікпен жүргенде, соңымнан қуатындар да бар. Кім біледі қандай мақсатпен қуатынын. Менің танымалдылығыма не болмаса жылтыр бетіме қызығатын шығар. - Жаным-ау, мен 47-демін, мені апа қыласың ба? - деп айтамын", - дейді әнші.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.