Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар: Жасанды интеллект миллион қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Жасанды интеллект пен автоматтандыру миллионнан астам қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Адам ресурстарын дамыту орталығы цифрландырудың еңбек нарығына әсері туралы талдау жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар роботтардың қандай мамандықтарды алмастыратынын және бұл қашан жүзеге асырылатынын айтты.

Сарапшылардың айтуынша, адамды жасанды интеллектпен алмастырудың ықтималдығы төмен.

"Ғылыми-техникалық прогрестің алғашқы мысалы – Англияда орта ғасырларда тігін машиналарының пайда болуы. Өнеркәсіптік революция сол кезде басталды. Бұл жай ғана үлкен төңкеріс болды. Осы оқиғадан кейін көпшілігі жұмыссыз қалды. Ал қазір бәрі баяу жүріп жатыр" - деді Адам ресурстарын дамыту орталығының болжау және зерттеулер департаментінің директоры Дмитрий Шумеков. 

Оның үстіне сарапшы мұның бәрі жұмыс күшінің құнына байланысты дейді. 

"Қазір жергілікті компанияларда адам еңбегіне ақы төлеу тиімдірек болуы мүмкін. Алматыдағы жұмыс орнын генеративті жасанды интеллектке тапсыру тәуекелі 18%-ды құрап отыр. Ол кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет, денсаулық сақтау саласына қатысты" - деді Дмитрий Шумеков.
 
Сарапшылар білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, роботтың сізді алмастыру қаупі де соғұрлым жоғары болады дейді. 

Автоматтандырудың, роботтандырудың немесе генеративті жасанды интеллектің (ҒЖИ) отандық еңбек нарығына ықтимал әсерін талдауға сәйкес, ең үлкен автоматтандыруға басшылар мен мемлекеттік қызметшілер (59% дейін), әкімшілік саласындағы қызметшілер (48%), кәсіби мамандар (46%) және техник мамандар (29%) топтарында қол жеткізуге болады. 

"Жалпы алғанда, талдау нәтижелері бойынша ықтималдығы жоғары немесе орташа адамдар орындайтын функциялардың 29% автоматтандырылуы мүмкін және бұл ретте функциялардың 13% ҒЖИ орындауы мүмкін екені анықталды.

Ағымдағы жұмыспен қамту көрсеткіштеріне сүйене отырып, талдау жүргізілген 8,7 миллионға жуық қызметкердің 6,5 миллион қызметкерде немесе 75% автоматтандыру екіталай екенін атап өтуге болады. Автоматтандырудың орташа ықтималдығы 1,5 миллион адамға немесе 17% мүмкін. 686 мың адамның ықтималдығы жоғары немесе 8%", - деді Адам ресурстарын дамыту орталығында болжау және зерттеулер департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Ол ҒЖИ қызметкерінің бір бөлігін немесе барлық функцияларын орындау мүмкіндігі одан да төмен ықтималдық көрсеткіштерге ие екенін жеткізді: 7,7 млн қызметкер үшін төмен ықтималдық (88%), орташа ықтималдық 1 млн (12%), және өте ықтимал 5,2 мың, яғни 0,1%.

"Еңбек нарығын автоматтандырудың негізгі қауіпі ірі қалалар мен өнеркәсіптік аймақтарға тән, бұл процесс жұмыс орындарының 33-36% айтарлықтай әсер етуі мүмкін", - деп түсіндірді сарапшы.

Сондай-ақ, әлемдік сарапшылар жасанды интеллект бес жылдан кейін енгізіледі деен болжам жасап отыр.

"Әлемдік сарапшылардың барлығы жасанды интеллект бес жылдан кейін енгізіледі деп есептейді. Неліктен? Өйткені қазір жасанды интеллекттің жұмысы бақылауды қажет ететін көрінеді. Физикалық еңбекті керек ететін шаштараз, массажист, құрылысшы мамандықтары ғана сұранысқа ие болып қалуы мүмкін" - дейді FMI Professionals рекрутинг агенттігінің директоры Алма Жандәулетова.

Дегенмен, роботтар физикалық жұмыстарды көбірек атқаруы тиіс деген теория бар. Әзірге, талдау жұмыстарына сәйкес, күнделікті істерді автоматтандыру Алматы бойынша - 36 пайыз, Астана мен Шымкентте - 20 пайызды құрап отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық студенттердің жасанды интеллект көмегімен пайда тауып жүргені және  жаңа технологияның қауіпі артып келе жатқаны туралы ақпарат жазған болатынбыз.

Талқылау