Жасанды интеллект Қазақстандағы компанияларды қалай өзгертеді
31 қаңтар мен 1 ақпанда Алматыда цифрландыру, жасанды интеллект және инновациялар саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірген Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум Digital Almaty 2025 өтті. Форум аясындағы іс-шаралардың бірі Freedom Bank ұйымдастырған "ЖИ компаниялар мен адамдарды қалай өзгертеді?" деген сессия болды. Онда мамандар банк жасанды интеллект мүмкіндіктерін қызметінде қалай қолданып жатқанын айтып берді.
Фото: Freedom Bank
Freedom Bank-тің басқарма төрағасының кеңесшісі Айнұр Темірханқызының айтуынша, қазіргі уақытта жасанды интеллект барлық салада, соның ішінде қаржы нарығында белсенді түрде қолданылып келеді. Осыны ескеріп, Freedom Bank-те былтыр желтоқсанда комплаенсына жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізді. Бір айдан бері ЖИ негізінде істейтін жүйе банк қызметкерлеріне қызметін тиімдірек жүргізуге, құжатқа, қаржыға қатысты үлкен деректерді талдауға көмектесіп жатыр.
“Клиент бір аударым жасағысы келеді делік. Ол барлық деректі толтырады. Кейін ЖИ негізінде істейтін жүйеміз, виртуалды көмекшіміз құжаттарды толық тексеріп шығады. Мысалы, Freedom Bank-тың бұрыннан келе жатқан тұтынушысы болса, оның базадағы барлық дерегі, оған қатысты мәліметтері талданып, соған қарай мүмкіндіктер ұсынылады. Ал жаңа клиент болса, онымен келісімшарт жасау керек, құжаттарын тексеру керек. Кейде келісімшарттар 200 бетке дейін болады. Осының бәрін адам істесе, ұзақ уақыт кетеді. Ал ЖИ негізінде істейтін жүйеміз оны тез арада тексеріп береді. Клиенттің құжаттары жетпесе, ескертіп, жүктеуін өтінеді. Құжаттардың қаншалық шынайы, фотошоп қосылып-қосылмағанын да анықтай алады. Күмәнді жайтты байқаса, комплаенс-контроллерді ескертеді. Кейін оны біздің мамандар тексеріп шығады”, –дейді Freedom Bank басқарма төрағасының кеңесшісі Айнұр Темірханқызы.
Айнұр Темірханқызы. Фото: Freedom Bank
Айнұр Темірханқызының айтуынша, банк жасанды технологияны қолданғанымен, бұл қызметкерлердің қысқаруына әкелмейді. Керісінше, олардың көп уақытты қажет ететін процестерді жеңілдетіп, мамандардың күрделі кейстерге көбірек уақыт қалады.
Freedom Bank-тың бас комплаенс-контроллері Әсел Сүлейменованың сөзінше, Freedom Bank-тың ЖИ негізінде істейтін комплаенсі компанияға өз клиенттерін жақсы тануға, оның жасайтын операцияларын жақсырақ білуге көмектеседі.
“Комплаенсымыз жаңа клиенттер туралы ақпаратты іздеп, оның кімдермен байланысы бар екенін, заңсыз іс-әрекеті бар-жоғын тексере алады. Оған қоса біз ақшаның қайдан келгенін, заңды жолмен алынғанын, клиенттің аударым жасаудағы экономикалық мақсатын білуге, Қазақстан заңнамасын қаншалық сақтап жатқанын бақылауға мүмкіндік береді. Осы жиналған деректің арқасында біз клиентіміздің цифрлық портретін жасап, белгілі бір шешім қабылдай аламыз”, – дейді бас комплаенс-контроллері Әсел Сүлейменова.
Әсел Сүлейменова. Фото: Freedom Bank
Ал Freedom Insurance басқармасының төрағасы Азамат Керімбаев жаңа технологияны қолданғанының арқасында автосақтандыру қызметі де жеңілдеп әрі тез іске асып жатқанын айтады.
“Жаңа технологиялардың арқасында автоcақтандыру процесі қызметкерлер мен клиенттер үшін әлдеқайда ыңғайлы бола түсті. Жасанды интеллект өтінімдерді өңдеу уақытын жеделдетіп, есептеулерді автоматтандырды. Нәтижесінде, клиенттер сақтандыру полисін тезірек алып, сақтандыру жағдайларын өңдеу уақыты қысқарды. Мәселен, бұрын апатқа ұшыраған көлік иесіне сақтандыру өтемақысын алу үшін ең көбі үш айға дейін күтуі керек еді. Ал қазір ЖИ арқасында қызметкерлер өтінімді тез өңдейді, көліктің зақымдалған тұстарын жылдам тексере алады және өтемақыны тез рәсімдей алады”, – дейді Азамат Керімбаев.
Freedom Holding Corp. компаниясының бас техникалық директоры Ренат Тукановтың айтуынша, қазір адамдардың көбі жеке деректерінің қауіпсіздігі үшін, әсіресе оны ЖИ қалай пайдаланатыны жайында алаңдайды. Дегенмен маман Freedom Bank-тың ЖИ негізінде істейтін комплаенсы GDPR талабы бойынша ғана қызмет ететінін алға тартты. Яғни банк клиенттеріне олардың жеке деректері қалай, не үшін қолданылатынын, не себепті тексерілетінін немесе өңделетінін ашық түрде айтып, келісімін алады. Ренат Туканов, керісінше, ЖИ арқасында қаржы саласындағы фишинг азаяды деп санайды. Оған қоса ол клиенттердің жеке деректерінің қауіпсіздігі үшін ЖИ моделі оқытылып, жетілдіріліп тұратынын айтады.
Фото: Freedom Bank
Сонымен қатар сессияда Sergek Group басқармасының төрағасы Евгений Ким жасанды интеллект негізінде істейтін жүйелері көлікті айдап бара жатқан жүргізушілердің жол ережесін қаншалық сақтап-сақтамайтынын жіті бақылай алатынын айтады. Осылай, жүйе қазір жолдағы трафикті азайтуға, жол апаттарының алдын алуға көмектесіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан өңірлеріне Sergek жүйесі енгізілгеннен кейін бір жылдың ішінде елде апат 30%-ға, апат салдарынан қайтыс болатындардың саны 30-50%-ға төмендеген.
"Біз айқын үлгіні көріп отырмыз. Sergek жүйесі орнатылған жерде апат мен өлім күрт азайды. Себебі жүргізушілер жол ережесі мен тәртібін сақтай бастады, ал жол қызметтері жедел әрекет ету үшін дер кезінде ақпарат алады", - деді Евгений Ким.
Фото: Freedom Bank
Айта кетейік, Freedom Bank сарапшылары алдағы уақытта өз компаниясының жұмысын дамыту үшін және клиенттермен байланысты нығайту үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдануды жалғастыруды, тиімді тұстарын пайдалануды жоспарлап отыр.
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы