Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жұлдыздар балалар мерекесін қалай атап өтетіндерін айтты (фото)

Бүгін – елімізде балаларды қорғау күні атап өтілуде. Бұл күнді барлық ата-аналар балаларымен бірге өткізіп, оларды барынша қуантуға тырысады. Осы орайда Stan.kz жұлдызды балалардың мерекені қалай атап өтетінін біліп көрді.

жулдызды балалар 040617

Аминокка есімімен танылған вайнер әрі кішкентай актриса Әмина мен оның сіңлісі Әдиянің жұмыс кестесі тығыз. Жеке мерекелері болса да, қыздардың бүгінгі күні түсірілім алаңынан басталған. Бұл туралы Әминаның анасы Арай Малғаждар айтып берді.

18721970_700868356763935_4782787933427990528_n (1)

«Мейрамды әркезде әрқалай өткіземіз. Мысалы, бүгін таңертеңнен түсірілімдеміз. Ал түстен кейін саябаққа барып, қыдырамыз. Мүмкін балық аулауға барып, тауға да шығатын шығармыз. Қыздарым не қаласа, соны істейміз», – дейді ол.

18382082_432663807087641_1526194372113072128_n

Анасының айтуынша, өнерге және спортқа жаны құмар қыздар мереке кезінде ролик, самакат, коньки сынды сыйлықтар алғанды ұнатады екен. Әмина мен Әдия бұл күні өздері ғана сыйлық алып қоймай, мұқтаж балаларға да көмектеседі. Мәселен, биыл танымал бүлдіршіндер арнайы іс-шараға қатысып, өздерінің киімдерін сатпақ.

18298874_1902244259996567_3366696804589502464_n

«Түскен қаражат мұқтаж балаларға беріледі. Ол іс-шара ертең және арғы күндері Алматыда өтеді», – дейді Аминокканың анасы.

Айтпақшы, Аминокка маңызды рөлдердің бірін сомдаған “Келинка тоже человек” кинокартинасы көпшіліктің көңілінен шыққанын айта кетпесек болмас.

Ал түрлі әзіл-ысқақ бағдарламалары арқылы танылған Мырза Махамбет мереке күні Алматы бүлдіршіндерінің көңілін көтермек.

5b1b8ce5-23e3-4d48-8a96-fbda03606247

«Иә, біз жыл сайын балалар күніне орай отбасымызбен бірге әр жерлерге қыдырамыз. Бұл күн мен үшін ерекше мереке. Маған мерекелерде отбасыммен бірге қыдырған ұнайды. Ал осы жылы мен бұл мейрамда «Мега парк» сауда-ойын сауық орталығында концерт жүргізетін боламын. Онда әкімдіктің жобасы бойынша, балаларға арнайы іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Сондықтан барша қазақ балаларына керемет көңіл-күй сыйлаймын деп ойлаймын», – дейді Махамбет.

1c37351a-ab05-4cd8-8a02-28e9f4d78952

Махамбет жыл сайын ата-анасынан ерекше сыйлық алатынын айтып қалды. Биыл ата-анасы Махамбетке сүйікті футбол командасының киімін сыйлапты.

«Ал достарыма мен доп сыйладым, оларға футбол өте қатты ұнайды. Ал бауырларыма кешке сыйлық әзірлеп қойдым», – деген Махамбет әр балалар мерекесінің естен кетпестей болып өтетінін айтып қалды.

Ал әнші Асхат Тарғынның қызы бұл мерекені көбінесе анасымен бірге өткізетінін айтады.

18809644_337096560040591_8099738562779414528_n

«Бүгін мен анам, ағам, жеңешеммен және ініммен қыдырамын. Одан бөлек, достарыммен бірге уақыт өткіземін деген ойдамын.

14717506_905357962898927_2310488956942155776_n

Балалар күні мерекесінде жыл сайын анаммен және құрбыларыммен бірге қыдырамын. Жалпы бұл күнді анаммен бірге өткізу – дәстүрге айналған», – дейді Айым Ұзақбаева.

Айым әкесі басқа қалада болғандықтан, бұл мерекеде көбінесе телефон арқылы құттықтайтынын жеткізді.

18514079_1867407443512461_163496614546112512_n

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Өтекешова: Жаманқұловпен бірге оқығаныма ұяламын деп айтуымның өз себебі бар

Қайраттың костюмін алған тыңдарман оны сатып, көлік алған

Желідегі Қайраттың келіншегі Бибігүл Төлегенованың сынына пікір білдірді

Айдар Тұрғанбек елді ораза ұстауға үндейтін бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау