Желідегі Қайраттың келіншегі Бибігүл Төлегенованың сынына пікір білдірді

Сәрсенбі, 31 Мамыр , 2017 16:47

Бибігүл Төлегенова Димашты – көкке, ал Қайратты – жерге теңегелі халық бұл тақырыпты жаппай талқылап жатыр. Бұлбұл әншінің пікіріне қосылған бірлі-екілі адам болмаса, көпшілік қос әншіні салыстырудың өзін үлкен қателікке балауда.

18580239_304765756621927_4661639284103577600_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл ретте желідегілерге өзін Қайраттың келіншегі ретінде таныстырған Жұлдыз Абдукаримова да Төлегенованың пікіріне қатысты ойын айтты.

Ол Бибігүл Төлегенованың сөзін “миға сыймайтын ойға” теңеп, оқырмандарының пікірін сұрады.

zhuldiz bibigul tolegenova jainda

“Бұған айтар ой пікірлеріңіз қандай? Ата сақалы аузына түскен Бибігүл апай екі əншіге жол көрсетіп, ақыл айтудың орнына миға сыймас сөз айтып, өз абыройын көтермек болды ма?” – дейді Жұлдыз. 

Желідегілер Жұлдыздың жазбасына түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Кейбіреулер жасы 90-ға жақындаған әншінің сөзін көңілге алмауға, ендігілер кешіріммен қарауға кеңес беріп жатыр. Ал үшіншілер Төлегенованың пікірін жақтауда.

Бұдан кейін Жұлдыз Қайраттың суреттерін жариялап, оны демейтін жазбалар қалдырды.

кайраттын келіншегі пікірін айттыкайрат келіншегі пікірі

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты – көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Бағым Мұхитденова: Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ

Баян Есентаева: Димаш пен Қайратты салыстыру кәсібилікке жатпайды

Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

49
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ай қойын екеуі де . Қасиетті Рамазан айында бұлай болмайды сабырлы болдың!!!

    • Anonymous says:

      Кайрат пен Димаш аласыда..қарасыда жоқ қазахтың алтын асықтай сүйкті ұлдары.
      Біз оларды мақтан тұтыуымыз керек..сақалды басымызбен оларды сөз қылып.бир брине аитақтамаи..арпалыспаи…Бибүгіл апайдыкі дұрыс емес..кезінде ол кісінің артынанда талай шаң шықан деп естинбіз

  • Anonymous says:

    Кайрат панаграмамаен айтат мыйларын болса ойланын панаграмамен айткан аншиме ол отирик анши бибигул апай дурыс айтат секен деген. Панаграмшиктен димаш онесе артык ойланын уйктамай

  • Anonymous says:

    Бибыгул апаи дурыс аитады косылам Каиратын анын Димаш тындасын Димаштын анын Каират тындасын фанаграманы

  • Anonymous says:

    Тойдың аншісі деп неге бөледі,адамдарға ұнаған соң тойға шақырады да Қайратты.Әр әншінің орны бөлек.Мынау нағыз әнші,анау әнші емес деп айтудың қажеті жоқ.Халық қолдап ,тыңдаса болды.Алға Қайрат.

  • Anonymous says:

    Апайдыкы дурыс болар.тәжірибесі барго

  • Anonymous says:

    Айналайындар сол Қайратты да басқа елде танитындар құрметтейтіндер өте көп ,неге бəрің Димаш деп қалдыңдар өзіме өлеңдері онша ұнай қоймады ешқандайда Димаштың.Бұл менің жеке пікірім!

  • Anonymous says:

    Құрметті достар !!! Құрметті Гулзира апай!!! Жалпы қазақта əр нəрсенің егіз ұғымы бар екені белгілі жағдай емеспе. Яғни, оң мен теріс, жақсы мен жаман дегендей. Жалпы Бйбігүл апамыздың айтпақшы болғаны, сол сияқты Қайрат пен Димаш осы Қазақ елінің егіз ұлдары ғой. Қайрат жер болса, Димашты көкке теңегені де содан болар. Меніңше оған қапаланудың керегі жоқ шығар деп ойлаймын. Гүлзира апай үлкен түсіністік танытқан екенсіз үлкен рахмет.

  • Anonymous says:

    Кайраттын келиншеги болсан осы уакытка дейн неге тыгылып калдын? Енди ояндынба? Дурыс жолласын ушин болысканын . Ол жакы .бирак улкен адамдар айтса оган ренжип кереги не?Аита берсин!бэри халыктын калауында солай емеспе?

  • Anonymous says:

    Бибігүл апай дұрыс айтады. Қайраты әншіліктен аластату керек. Қайрат сияқты зарлап-еңіреп халықтың іш-бауырына кіріп алған әншісымақтар қаптап кетті. Саусақпен санап аларлықтай дұрыс әншілер қалсын.Қайрат секілді әнші емес орындаушылардың қажеті жоқ.

  • Anonymous says:

    негизи Кайрат тойдын аншисигой ал Димаш казак елинин мактанышы

    • Anonymous says:

      Осы қазақ неге біз Жақсы сөйлеп, жақсы іске бастамаймыз? Қайрат пен Димашты салыстырып өзіміздің рухымызды таптамайық. Жалпы Қайрат өз алдына өнері мен еңбекқорлығының арқасында бəсекеге, толыққанды тұлға. Біз құрметтейміз. Ал Димашты қазақтың бағы десек болар еді. Екеуі де нағыз Қазақтың ер азаматы, тамаша өнер саңлақтары

    • Anonymous says:

      Қайраттай бала туып тəрбиелеген ата- анасына рахмет. Қайраттай қазақта ұл туылғанына шүкір.Қазақпыз ғой бір- бірімізді көре алмаймыз осы əдетіміз көбеюімізге шектеу болмады ма неге қазақ бір – бірін көре алмайды.Менің ұлдарым Қайрат пен Төреғалидай болса ата-анасына қамқор болып елдің ұлы болса қандай керемет.Айтыңыздаршы Қайраттың əрбір əні шыққан кезде хит болды емеспе қазірде жақсы əндері көп еңбектеніп ізденеді де жүреді. Əр адамның өз тағдыры бар .Азаматтарымызды құрметтейік.

      • Anonymous says:

        Димаш та нағыз жұлдыз сөзім жоқ.Алайда Қайрат одан бұрын танымал болған жұлдыз.Өзін мойындата білген əнші.Күштіні басатын күш əрқашанда табылады. Болашақта Димаштанда артық орындайтын əнші шықса сол кезде Димаш нашар болып қалатын болғаны ғой.

1 2 3 4

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар