Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жас жігітті зорлау оқиғасында мешіттің еш қатысы жоқ": "Нұр Мүбәрак" мешітінің бас имамы түсініктеме берді

"Нұр Мүбәрак" мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мешіт қарауылы 18 жастағы жігітті зорлады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осы ақпараттан кейін әлеуметтік желілерде мешіт қызметкерлерін кінәлайтын түрлі теріс пікірлер тарап кетті. Осыған байланысты істің анық-қанығын ашып айтуды жөн санадым. Біріншіден, бала зорлады деген факті әлі нақтыланған жоқ. Екіншіден, бұл оқиғаның "Нұр-Мүбарак" университетімен, мешітімен және жатақханамен тікелей қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Себебі аталған ғимараттар 6 гектар жерде орналасқан, осындай үлкен аумақты күзету үшін "Нұр Мүбарак" университеті арнайы лицензиясы бар күзет агенттігімен ақылы негізде келісімшартқа отырған. Сондықтан осы аумақты күзету ісі аталған агенттіктің мойнында", – дейді ол.

Оның айтуынша, оқиға болған жағдайдың өзінде де жауапкершілік осы компания қызметкерлерінің мойнында болады.

"Сондықтан бұл мәселеге қатысты мешітті, оның қызметкерлерін кіналау, олар жайлы теріс пікір жазу, ақпарат тарату орынсыз деп санаймын", – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Еске салсақ, қазақстандық белгілі адвокат Айман Умарова Facebook парақшасында жаға ұстатарлық жағдайдың бетін ашты. Ол Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбәрак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілінгенін айтты.

Жанна Мәлік
Сенбі, 10 Шілде, 2021 17:55
Талқылау