Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды

Үнемі лирикалық бағытта ән айтатын жас әнші Дана Кентайдың жігіттерден көңілі әбден қалған екен. Тіпті оның құлай сүйген ғашығы «көгілдірлер» қатарынан болып шыққан. Бұл туралы әнші stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

дана

Жас әнші басынан өткен жағдайды бүкпесіз айтып берді. Тіпті жұртты дүрліктіріп той жасамақ болған қыздың ата-анасы да, ұяттан жолдастары мен ағайындарына не айтарларын білмей қалыпты.

«Шыны керек, өз басым айнаға қарап сыланатын, сұлу жігіттерден алыс жүргенді жөн санаймын. Кезінде, колледжде оқып жүргенде бір жігітке ғашық едім. Тіпті онымен отбасы құруды жоспарлаған болатынмын.

Кейіннен оның қызтеке екенін білдім. Өзі де  мойындады. Себебі біз жиі сырласатынбыз. Міне, содан бері сыланған, күтініп қалған жігіт көрсем зәрем ұшатын болды»,-дейді Дана Кентай.

Деп ағынан жарылған ақ тамақ аруға ғашық жігіттер жетерлік. Десе де, әнші талай табынушының ұсынысын қайтарған екен. Себебін былай түсіндірді.

«Мойындау керек, маған сөз салушылар көп. Ал мен әзірге тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген жоқпын. Сонымен қатар, өнер жолына қадам басқаныма жаңа. Бірақ, менің талғамым мен талабыма сай нағыз жігіт кездесіп жатса, барлығына қолды бір-ақ сілтеуге болады.

Шынымды айтайын, жігіттерден көңілім қалды. Қазіргі еркектер сөзінде тұрмайды, айтқанын орындамайды. Ал менің жүрегім нағыз батырды қалағандықтан, қапыда қалып жүргендеймін»,-дейді жас әнші.

Иә, Дана Кентайдың «жігіттері» жайлы түрлі қауесет ел арасында жүр. Тіпті, дүйім жұрт сылқым сұлуды Абай Бегеймен көңіл қосты деп болжаған болатын. Мұндай әңгіменің шығу себебін әншінің өзінен сұраған едік.

«Біз Абай ағамен гастрольдік сапарға жиі шығамыз. Үнемі бірге жүреміз, құшақтасып суретке түсеміз. Мұны көрген әлеуметтік желідегі қолданушылар екеумізді қосқаны да бар. Айту керек, Абай мырза маған қатты ұнайды, ақ көңіл абзал азамат.

дан111

Ең бастысы иманы жоғары. Алайда, ол кісінің жасы менен үлкендеу. Ол ағаммен отбасы құруға мен қарсы болмасам да ата-анам рұқсат бермес. Ал мен олардың пікірімен санасамын. Сол себепті, Абай Бегеймен қосуды доғарсаңыздар деген тілегім бар»,-деді Дана.

бегей

Міне, осылай жүрегінің жартысын жолықтырмаған жұлдыздың басты жоспары әзірге отбасы емес. Дауысымен дараланған Дананың басты мақсаты қазақ эстрадасының қақ ортасынын ойып тұрып орын алу екен.

Оқи отырыңыздар:

Жарнама беруші болып хабарласып, әншілердің Инстаграмнан қалай табыс табатынын анықтадық

Алтын алқа иегері: Әншілер отбасыма көмектесетінін айтып,тек өздеріне абырой жинап жүрген сияқты

Елбасы Астананың көрнекті жерлерін аралап, халықпен тілдесті (фото)

Тұрғындар 7 жасар баланы зорлап жатқан педофилді өлтіріп қоя жаздады (видео)

Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына пәтер сыйлады

 

Талқылау