Жартылай жалаңаш трансвеститпен суретке түскен Сиви елді шошытты
Сиви Махмұди жартылай жалаңаш трансвестит “қызды” сұлу деп атап, онымен бірге суретке түскені үшін сынға қалды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші Таиландтың Паттая қаласындағы танымал “Альказар шоуға” қатысты. Альказар – әлемге жынысын ауыстырған трансвеститтер шоуы ретінде белгілі.
Қазақстандық әнші шоу қатысушыларының бірімен суретке түсіп, желідегі парақшасына жүктеп қойды.
“Сұлу трансвестит-қыз”, – деп жазады Сивидің өзі.
Мұны көрген желі қолданушылары әншіні сынап тастады.
“Сонымен суретке түскеніне мәз, үш баланың анасы дейді тағы”, “Енді осы қызық па, не заман болып кетті?”, “Масқара не істеп жүрсіз”, “Мынау деген тура қыз ғой”, “Суретке жалғыз түсе берсеңізші”, “Транспен суретке түсу де мақтаныш болды ма?”, – дейді ашынған желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Авторлық құқық маманы: Витас Димаштың үстінен арыздана алмайды
Ерке Есмахан мінсіз мүсінін көрсетемін деп ұрыс естіді (фото)
Мәдина Сәдуақасова 2560 жылдан сәлем жолдап жұртты шошытты (фото)