Жартылай адам, жартылай жануар түрінде туылған жаратылыс елді шошытты (фото)
Оңтүстік Африка Республикасының Леди-Фрер ауылында адамға ұқсас жануар туылды.
Жергілікті тұрғындар «жартылай адам-жартылай жартылай хайуан» түріндегі жаратылысты көріп таңғалды. Олар мұны «ешкі мен шайтанның» қатынасынан туған деп жорамалдады. Бұл ақпарат әлемге тарап кеткендіктен тұрғындар құбыжық жаратылысты өртеп жібермек болды.
Ел билігі арнайы сараптама жүргізіп, тексеріп көрді. Мамандар мұның дамымай қалған қозы екенін айтады. Болжам бойынша қозы жатырда безгек дертін жұқтырған болуы мүмкін.
«Сырттай қарағанда адамға ұқсайды. Бірақ бұл жай ғана ұқсастық», – дейді мал дәрігерлік қызмет басшысы. Нақты мәлімет тексеру соңында анық болады.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстан әскерлерін Сирияға жіберу ұсынылды
Небәрі бір әйелі бар: Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері туралы қызықты деректер
Жылан шағып алған ер адам бірге өлу үшін әйелінің қолын тістелеп уды жұқтырмақ болған