Жылан шағып алған ер адам бірге өлу үшін әйелінің қолын тістелеп уды жұқтырмақ болған

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 11:20

Улы жылан шағып алған Шанкар Рай есімді ер адам өз әйелінің қолын тістелеп, онымен бірге өлгісі келетінін айтады. Үндістан тұрғынын улы жылан ұйықтап жатқан кезде шағып алыпты.

6c86af0090e036df31621021d8143108__1440x

Таңертең оянғаннан кейін ол тірі қалмайтынын сезеді. Қасында әйелі Амири Деви болған. Ол бірден әйелінің білегіне жармасып, оның білегінен тістей бастайды. Өз әрекетін ақтау үшін ол әйелін қатты жақсы көретінін, сол себепті бірге өлгісі келетінін айтыпты.

Екеуі де бірден естерінен танып, жергілікті ауруханаға жеткізілген. Ер адам бірден көз жұмса, әйел дәрігерлердің дер кезінде салған дәрісінің арқасында аман қалады.

Дәрігердің айтуынша, қазір әйелдің жағдайы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екен. Ер адамның неліктен медициналық көмекке жүгінбегені түсініксіз. Алайда зардап шегушінің сөзінше, ол өзі еш қарсылық көрсетпей, күйеуінің әрекетіне мүмкіндік берген.

“Ол мені қатты жақсы көретінін, бірге өлгісі келетінін айтты. Мен оған мүмкіндік бердім”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Өзінің тыржалаңаш суретін салған 10 жасар қыз өзін зорлаған қылмыскерді ұстап берді

Әнші Бейонсе егіз нәрестелерді өмірге алып келді

Дәрігер ауруханаға түскен әйелді зорлап тастады

Әйел 8 жасар қызын бөгде ер адаммен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар