Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің тыржалаңаш суретін салған 10 жасар қыз өзін зорлаған қылмыскерді ұстап берді

Өзінің қаңыраған үйде тыржалаңаш және әуе шарын ұстап тұрған суретін салған 10 жасар қыз өзін зорлаған қылмыскерді осы сурет арқылы түрмеге түсірді.

c3646e91636868af86fee10e0bb30d36__1440x

Бұл туралы The Sun хабарлайды.

10 жасар қыздың салған суреті 45 жастағы ер адамның кінәсін дәлелдеуге жетіп жатты.

Қыз анасы қайтыс болған, ал әкесі кетіп қалған жетім екен. Сол себепті баланы Делиде тұратын оның әпкесі мен ағасына қамқорлыққа береді. Кейін ер адам қызға тиісіп, сосын зорлаған. Бұл туралы ол тәтесіне айтып бергенімен, оған ешкім сенбей қояды.

Сол кезде қыз үйден қашып кетіп, кейін автобуста жылап отырған жерінен табылады. Еріктілер оны полицияға алып келген. Басында үндемей отырып алған қыз, кейін барып тәртіп сақшыларымен сөйлесе бастаған. Ал ер адам болса қыз барлығын ойдан шығарып отыр депті.

Кейін оның кінәсін дәлелдеуге қыздың салған суреті себеп болған. Соның арқасында психологтар қыздың жүйкесінде ол өзі де түсінбейтін психологиялық жарақат бар екеніне сотты сендіреді. Нәтижесінде ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылады.

Оқи отырыңыз:

Әйел 8 жасар қызын бөгде ер адаммен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Қазақстандық студент қыз Головкиннің арқасында АҚШ-та қалай ақша тапқанын айтып берді

Лондондағы алапат өрт кезінде 10-қабаттан құлаған сәби аман қалды

32 адам тұрған көпір өзенге құлап кетті (видео)

Талқылау