Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жартылай жалаңаштанған африкалықтар Кіші Талдыкөлді қорғап желіге шықты (видео)

Ғаламторда африкалықтардың Кіші Талдыкөлге тиіспеуді сұрап, фламинго биін билеген видеосы пайда болды. Бұл жолы қара нәсілді жігіттер экологиялық белсенділер құтқаруға тырысып жүрген су қоймасын қорғауға шықты.

"Кіші Талдыкөлге тиіспе", – деп қайталайды бір топ жігіттер, қолдарында қызғылт фламинго бар фотоны көрсетіп.

Айта кетейік, бұған дейін африкалық жігіттер Ақтөбе мен Өскемен әкімдерін құттықтап үлгерген.

Танымал "Африкадан сәлем" арнасы мұндай видеоларды аз ғана ақшаға түсіретіні хабарланды.

Еске салайық, Қазақстанның астанасында экологиялық белсенділердің Кіші Талдыкөл көлі үшін күресі жалғасуда. Онда әкімдіктің рұқсатымен құрылысшылар құрылыс жүргізіп жатыр.

Елорда әкімдігі су қоймасында тереңдету жұмыстары жүргізілетінін, Кіші Талдыкөл сулы-батпақты объектісін сақтап қалатынын айтты. Олай етпеген жағдайда, ол бірнеше жыл ішінде толық құрғап кетеді, өйткені суды кептірудің табиғи процесі бар деп мәлім етті.

Жергілікті билік Кіші Талдыкөлдегі су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құрудың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге уәде береді. Экология министрлігінің басшысы қаладағы көлдің беткі қабаты сақталатынын, таяз су бөлігі толтыру үшін қолданылатынын хабарлады.


Жартылай жалаңаш жігіттер Ақтөбе әкімінің суретін сүйіп, ерекше құттықтау жолдады (видео)

Талқылау