"Жарты жыл өмірі қалған": Қожа рөлін сомдаған актер Нұрлан Санжар ауыр дертке шалдықты
“Менің атым – Қожа” киносының актері Нұрлан Санжар ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Кино жұлдызы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күресіп жатыр.
"Қазір Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек қажет. Емделіп, жұмыстарын аяқтау керек. Ол журналистика факультетінде сабақ берген. Қазір сырқатына байланысты жұмыс істемейді. 75 жасында тыныс алу аппаратында тәулігіне 14 сағат бойы жататын адам қалай жұмыс істесін? Дәрігерлер жарты жыл өмірі қалғанын айтыпты", – деп жазды журналист Жанар Қанафина.
-
"Актер болуды армандаған емеспін": "Менің атым Қожадағы" әйгілі Қожа қазір немен айналысады?
-
Қожа рөлін сомдаған актер Баян Алагөзованің фильміне қатысты: Мынау деген масқара ғой
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актерге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
“Біздің бала күніміздің аңыз адамы”, “Тез жазылып шықсын”, “Әйелі мен балалары бар ма екен?!”, “Билік өкілдері актердің өмірін сақтап қалуы керек”, “Ақшаны қай жаққа жіберейік”, – деп жазды көпшілік.