"Домашний қаймақ", "асхана тұзы": Жарнамадағы қазақ тіліндегі өрескел қателер қашан жойылады?
Экрандағы қызанақ кетчубының құрамына назар аударайықшы. Түп тұсқадағы құрамда 72 пайыз қызанақ бар делінген. Ал Қарағандыда импортты қабылдап алған компанияның стикеріндегі аудармасында қызанақтың кетчуп құрамында 99 пайыз қызанақ қосылған деп көрсеткен. Мемлекеттік тілдегі бұл мәтінде тағы ескеретін жайт, "ас тұзын", "асхана тұзы" деп аудара салған.
Қарағанды облысында осыған ұқсас 500-ге жуық жарнамалық қателік өріп жүр, деп хабарлайды 31 арна.
“Сыртқы жарнамада қате көп. Әкімшіліктен келдім, міндетті түрде алып тастаймыз деген бірақ ешқандай өзгеріс көріп тұрған жоқпын. "Вечерние цены после 17:00 дешевле" дейді. Бұл жерде тек қана орыс тілінде. Бұл жерде қазақ тілді тұтынушының құқығы 100 пайыз бұзылған. "Жумыс" тәртібі деп қойыпты. "Жұмыс" болу керек”, – деді "Көрнекті ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру" әлеуметтік жобасының жұмыс тобы мүшесі Эльмира Орынбаева.
Биыл Қарағанды облысына жарнамадағы қателіктерді жою үшін 6 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бір айда мамандар екі жүзден астам нысанды аралап шығулары керек.
“Тұтынушы тарапынан сұраныс болмайынша қазақ тіліне сұраныс болмайды. Оған біздің күнделікті көзіміз жетіп жатыр. Көрермендерге айтарым бар, қазақ тілін біледі екенсіз. Сондықтан кетіп бара жатқан жеріңізде мынауыңыз дұрыс емес ҚР территориясында екі тілде деп айтып түсіндіру жұмысын жүргізіп кетсе деген өтінішіміз бар”, –деді "Көрнекті ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру" әлеуметтік жобасының жұмыс тобы мүшесі Гүлнәз Мұстағұлова.
Мониторингтік топ ватсап арқылы сенім желісін де құрған. Мұнда тұрғындардың шағымын қабылдап, жедел түрде тауарда қателігі бар нысанға бірден барып ескертеді. Топ мүшелері әр кәсіпкерге, мекеме басшыларына сауатты аударманы тегін жасайды. Ал өрескел қателігі барларға бақылаушы топ бір жыл ескерту жасайды. Егер де қателіктер жойылмаса 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 15 мыңнан 72 мыңға дейін айыппұл салынады.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
