Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ипотекасын төлеу үшін соғысқа барған": Украиналық БАҚ тұтқынға түскен қазақтың жағдайын көрсетті (видео)

Украиналық БАҚ Самарадан қолға түскен қазақтың жағдайын көрсетті. Ер адамның есімі Тахир. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ми-Украина арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Бейнеден алынды

Оның айтуынша, ипотека төлеу үшін соғысқа баруға мәжбүр болған. Тұтқынға түскен Тахир Ресей Қарулы Күштерімен келісім-шарт жасасқаны үшін жүздеген мың рубль беретінін уәде еткен жарнамаға сенген. Алайда ол уәде етілген ақшаны ешқашан алмаған. 

Украин телеарнасының сюжетінде, ол өз командасын айыптады себебі оны жанындағы сарбаздар тұтқынға алынған соң тастап кеткен.

"Мен келісім-шартқа қол қойдым. Ипотека төлеуім керек болды. Себебі пәтер іздеуде шаршадым. Енді маған ешкім пәтер бермейді, себебі бұл орыстар мен славяндарға арналған. Олар маған ақша төлеймін деп уәде берді. Жарнамада көрсетілген 4 мың рубль берілуі керек еді, бірақ мен оларды алмадым", - деді қолға түскен қазақ. 

Талқылау