Жарнама үшін жалаңаштанған Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға қалды
Кәмшат Жолдыбаева жарнама үшін жалаңаштанып, тағы да сынның астында қалды.
Фото: Instagram.com
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Кәмшат әншілік пен актрисалықтан бөлек, модельдік кәсіппен айналысады. Осылайша Жолдыбаева қалтасын қалыңдатудың тағы бір жолын тапқан.
Жуырда Кәмшат елімізде жаңадан ашылған сұлулық салонының жарнамасына түсті. Келісім талаптарын орындау үшін Жолдыбаеваға арқасын жалаңаштауға тура келген.
Желі оқырмандары актрисаны ерсі қылығы үшін сынап тастады. Олар Кәмшаттың “шектен шыққанын” айтып, түрлі жағымсыз пікірлерін білдіріп жатыр.
“Осының ата-анасы жоқ па деймін, ұялмай ашық-шашық қалай түседі екен? Тыржалаңаш түсуі қалды енді, доғаруы керек қой. Танымал, аты шыққан адам, тым ұяттау сияқты, бұлай түсе берсе ата-анасы бас көтеріп жүруден қалады”, “Қазақтың қызы осындай болса, болашағымыз бұлыңғыр біздің, ұл-қыздарымыз осыларға қарап өседі”, “Шешініп түспедің ба одан да”, “Неге жалаңаштанып алған? Ұят емес пе?”, “Менің де ойым осы, қаншама қызды азғырып жүр дәл өзі секілді етіп. Осының жасағанын, кигенін кигісі келеді басқа қыздар да”, – деп шағымданды желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Ева Лонгория Димашты Парижде ән салуға шақырды
Мақпал Жүнісова: Суретке түскісі келетін тыңдарманды “мәдениетсіз” деу дұрыс емес
Марат Омаров танымал әншілерге Анталияға жолдама сыйлады
Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған